01.03.2018, 13:11 1615 Станимир Стоилов Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады

Бүгін сағат 15:00-де Станимир Стоиловты Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде таныстырады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

51 жастағы болгариялық маманды еліміз 2014 жылдан бері жақсы біледі. Стоилов аз уақыт аралығында «Астана» футбол клубын қазақ футболындағы ең нәтижелі клубтардың біріне айналдырды.

Сейсенбі күні Стоилов Астанаға ұшып келіп, федерация президенті Әділбек Жақсыбековпен кездесті. Екі жақ келісімшарттың нюанстарын талқылап, бір шешімге келді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал