06.06.2018, 1:26 1490 «Стоиловтың әділ шешіміне сенемін» - Георгий Жуков

«Қайрат» футбол командасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Әзірбайжан құрамасына қарсы өткен ойында алаңа шығып, команданың жеңіске жетуіне сеп болды. Ал, ойын біткен соң өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі. 

- Георгий, соңғы кездері сені негізгі құрамнан көрмей жүрміз. Қапалы емессің бе?

- Қазір ұлттық құрама күшейе түсті. Командаға ілінудің өзі қиынға айналды. Алайда, мен де аянып қалып жатқан жоқпын. Негізгі құрамнан орын табуға тырысатын боламын. Стоиловты ең әділ бапкер деп білемін. Ол не істеу керектігін біледі.   

- Қазақстан бұған дейін соңғы 10 ойында гол өткізіп, бүгін қақпасын аман сақтап қала алды. Алдын ала арнайы тактика ойластырылды ма, қалай?

- Иә, солай десек те болады. Бас бапкер бізден барлық позицияларды бос қалдырмауымызды сұрады. Оған қоса, біздің қорғаушыларымыз алып ойыншылардың қатарына жатады. Қарсыластарға жоғарыда еркін ойнауға мүмкіндік тудырмады. Ал, қалған әріптестерім қорғаныста әбжіл қимылдауға тырысты. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Команда дұрыс бағытта келе жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Әзірбайжанды қабылдап, 3-0 есебімен ойсырата ұтты. Ал, Георгий Жуков аталған матчтың 52-ші минутында қосалқы құрамнан ойынға қосылды.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал