19.08.2018, 10:22 544 Стенд атудан Дмитриенко іріктеу кезеңінде көш бастады

Бүгін Азия ойындарында спорттың бірнеше түрінен қазақстандық атлеттер сынға түсуде, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша бақ сынаған Мария Дмитриенко іріктеу кезеңінде бірінші орынға шықты. Ол 49 ұпай жинаған. 

Ал Анастасия Давыдова 19-орында. 

Нысана көздеушілер де Азия ойындарын бастап кетті. 10 метрге винтовкамен атудан сынға түскен Клейменов/Староситан жұбы 11-орын иеленіп, келесі кезеңге өте алмады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал