08.11.2018, 9:25 380 Стоилов Латвия және Грузиямен өтетін ойындарға шақырылған ойыншыларды атады

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар Лигасының қараша айында өтетін ойындарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков (барлығы - «Астана»), Александр Марочкин («Қайсар»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де - «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Максим Федин («Тобыл»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебулан Сейдахмет («Уфа», Ресей)

 

Резерв:

қақпашы - Александр Мокин («Астана»),

қорғаушы - Нұралы Әліп («Қайрат»),

жартылай қорғаушылар - Иван Антипов («Ақжайық»), Юрий Перцух («Атырау»),

шабуылшы - Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Құраманың тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.

УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан құрамасы 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвия құрамасын қабылдайды. Қазақстан-Латвия ойыны 21:00-де басталады. Ал, 19 қараша күні біздің құрама Тбилисиде Грузиямен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал