10.08.2018, 17:25 74 Стоилов жанкүйерлерді «Астана» мен «Қайратқа» қолдау көрсетуге шақырды

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов отандық жанкүйерлерді еурокубок турнирлерінің қарымта кездесулерінде «Астана» мен «Қайрат» командаларына қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Алғашқы ойынның қорытындысы бойынша «Астана» мен «Қайрат» қарсыластарына жол берді. Жанкүйерлер отандық клубтарға деген сенімін жоғалтпай, қолдауын жалғастырады деп үміттенемін. Жауапты ойында екі клубтың ойыншылары бар күшін жұмсап, соңына дейін күреседі деп ойлаймын. «Астана» мен «Қайратқа» қиын қарсыластар түсті. Алғашқы кездесулер соның дәлелі. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Астана» мен «Қайрат» жарысты жалғастырады деп сенемін. Барша жанкүйерлерді еурокубок маусымында ел намысын қорғап жатқан клубтарға қолдау көрсетуге шақырамын», - деп сөзін қорытындылады бас бапкер.

Еске салайық, «Астана» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында загребтік «Динамоға» жеңісті берген еді. Алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының дәл осындай кезеңінде чехиялық «Сигмадан» жеңіліп қалды. Жауап матчтар келесі аптада өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал