12.11.2018, 13:00 6645 Су добынан ел чемпионатының алғашқы тур ойындары аяқталды

Қарағандыда су добынан 2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің бірінші тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірінші айналымнан соң 20 ұпай жинаған Тараз қаласының командасы көш бастап тұр. Екінші орында 18 ұпайы бар көкшетаулықтар келеді. Үшінші орынды Астана мен Өскемен командалары бөліскен. 

13 ұпайы бар Ақтөбе командасы төртінші орында келеді. 

Чемпионатқа жалпы есебі 11 команда қатысуда. 

Қазақстан біріншілігінің екінші туры 2019 жылы өтеді. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал