04.04.2018, 16:04 819 Су добынан Қазақстан Аргентина құрамасынан басым түсті

Су добынан Қазақстан құрамасы Әлемдік лигасы аясында Интерқұрлықтық кубоктағы екінші кездесуін өткізді,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бұл жолы жерлестеріміз пенальти сериясында Аргентина командасынан басым түсті – 12:9. Ойынның негізгі уақыты 8:8 есебімен тең аяқталған болатын.

Еске сала кетейік, ерлер құрамасы турнирдің тұсаукесер матчында Канада командасынан 10:9 есебімен басым түскен еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал