25.08.2018, 11:30 610 Су добынан Қазақстан ерлер командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін Азия ойындарында су добынан ерлер арасындағы бәсеке басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Су добынан Қазақстан ерлер командасы алғашқы матчын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті. 

Біздің құрама сапындағы бірнеше ойынды екі доптан соқса, Михаил Рудай қарсылас қақпасына үш доп соқты.

Қазақстан командасының келесі кездесуі 27 тамыз күні Сингапурге қарсы өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал