30.10.2018, 7:27 1397 Су добынан Қазақстан қыздар командасы Азияда үштікке енді

24-28 қазан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте су добынан жастар арасындағы VI Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бес күнге созылған жарысқа алты ерлер және төрт әйелдер командасы қатысты.

Біріншілік нәтижесі бойынша Қазақстан қыздар командасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен екі команда 2019 жылғы әлемдік додаға жолдама алады. 

Су добы, жастар арасындағы Азия чемпионаты. Әйелдер: 

1. Қытай

2. Жапония

3. Қазақстан

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал