20.08.2018, 18:10 616 Су добынан Қазақстан қыздар командасы кезекті рет жеңіске жетті

Су добынан Қазақстан қыздар командасы Азия ойындарындағы кезекті матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ватерполшы қыздар жарыс қожайыны саналатын Индонезиямен кездесіп, 19:6 есебімен жеңіске жетті.

Біздің команда сапында Анастасия Миршина мергендігімен танылып, 5 доп соқты. 

Анна Тюрованың еншісінде 3 доп бар.

Төрт ойынның үшеуінде жеңіске жеткен қазақстандықтар өз тобында Қытай мен Жапониядан кейін үшінші орында келеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал