16.08.2018, 18:18 574 Су добынан Қазақстан қыздар командасы Қытайдан ұтылып қалды

Бүгін 2018 жылғы Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері өтуде,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ватерполшылары қытайлық қарсыластарына жол берді. Біздің команда Қытай қыздарынан 4:11 есебімен ұтылып қалды. 

Қазақстандық команда Жапония, Қытай, Таиланд, Гонконг және Индонезиямен бірге "А" тобында сынға түседі.

Бұл топтағы өзге матчта Жапония құрамасы жарыс қожайыны саналатын Индонезияны 15:5 есебімен жеңді. 

Біздің команданың келесі кездесуі 17 тамыз күні Таиландқа қарсы өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал