17.08.2018, 16:05 619 Су добынан Қазақстан қыздар командасы Таиландтан басым түсті

Джакартадағы Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен топтық кезең матчтары басталып кетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Су добынан Қазақстан қыздар командасы бүгін екінші кездесуін өткізді.

Қазақстандық спортшылар Таиланд командасымен кездесіп, 13:4 есебімен жеңіске жетті. 

Команда сапынан ең көп ұпай жинаған - Анастасия Миршина. Ол қарсылас қақпасына 5 доп соқты.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан командасы Қытай құрамасына 4:11 есебімен жол берген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал