05.07.2018, 12:15 594 Су добынан Қазақстан «Tbilisi Сup» халықаралық турниріне қатысады

Ертең Грузияда «Tbilisi Сup» халықаралық турнирі басталады. Аталған бәсекеге су добынан Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі

«Tbilisi Сup» 6-8 шілде күндері Тбилиси қаласындағы “OLYMPIURI” бассейнінде өтеді. Ватерполшылар сайысына Словакия, Түркия, Грузия және Қазақстан құрамасы қатысады. 

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар Грузия құрамасымен жолығады. Екінші жарыс күнінде Түркия, соңғы кездесуде Словакиямен кім мықтыны анықтайтын болады. 

Ойын кестесі:

06 шілде

Қазақстан - Грузия, 18:00

07 шілде 

Қазақстан - Түркия, 16:30

08 шілде

Қазақстан - Словакия, 10:30

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал