24.08.2018, 10:19 658 Суда жүзуден Қазақстан командасы Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстан ерлер командасы 4х100 метрге жүзуден аралас эстафетада іріктеу кезеңін үшінші болып аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Эстафетада Қазақстан намысын Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай және Александр Варакин қорғауда. 

Қазақстан өз тобында 3:38.57 уақыт көрсеткішімен екінші орын иеленсе, жалпы есепте Жапония мен Қытай командаларынан кейінгі үшінші орынға жайғасып, финалдық кезеңге өтті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал