20.11.2018, 16:33 7811 Таэквандошыларымыз жылдың қорытынды жарысына қатысады

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейро қаласында таеквондодан Гран-при кезеңінің финалдық додасы мен командалық әлем кубогі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Гран-при турнирінің ақтық сынына Қазақстан құрамасы сапынан бір ғана спортшы жолдама алды. Ол 87 келіден жоғары салмақта сынға түсетін Смайыл Дүйсебай

Гран-при жарысының финалдық кезеңінде жеңімпаз атанған спортшыға 80 ұпай беріледі. Бұл әлем чемпионатынан кейінгі екінші ірі рейтингілік турнир. 

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы аралас командалық әлем кубогіне шақырту алды. 

Командалық бәсекеде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды: 

Ерлер құрамасы:

1) Елдос Ысқақ

2) Ерасыл Қайырбек

3) Нұрлан Мырзабаев

4) Руслан Жапаров

5) Рахым Әділханов (қосалқы құрам)

Ерлер мен әйелдер (микс):

1) Қазыбек Бақтиярұлы

2) Смайыл Дүйсебай

3) Фариза Алдоңғарова

4) Жансель Дениз 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал