13.08.2018, 16:12 1522 Таэквондодан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, ертең Джакартаға ұшып кетеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың аға бапкері Батырбек Ердәулетов спортшылардың көңіл-күйі көтеріңкі екенін айта келе, жоғары нәтижеден үміт күтетінін жеткізді.

"Спортшылардың көңіл-күйі жақсы. Бүгін Азиада алдындағы оқу-жаттығу кезеңін аяқтап, Индонезияға бет аламыз. Біздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Десе де, арық айтып, семіз шыққан дұрыс деп есептейміз. Спортшылар барын салып, таеквондошылар жақсы нәтиже көрсететініне сенеміз", - дейді аға жаттықтырушы.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал