01.11.2018, 11:32 5762 Таеквондодан Қазақстан құрамасы Тайпейдегі Президент кубогына қатысады

Қарашаның 8-15 аралығында Қытайлық Тайпейде таеквондодан Президент кубогы додасы өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық рейтингілік турнирге Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысады. 

Атап айтар болсақ, Президент кубогінде ел намысын Жансель Дениз (73 келі), Руслан Жапаров (80 келі), Смайыл Дүйсебай (87 келі) және Нұрлан Мырзабаев (+80) қорғайды. 

Еске сала кетейік, Президент кубогіне қатысатын спортшылардың басым бөлігі Азия ойындарында жүлде алған болатын. 

Жансель Дениз күміс жүлдегер атанса, Жапаров пен Мырзабаев Азиаданың қоласын иемденді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал