23.08.2018, 11:00 657 Таэквондошы Ерасыл Қайырбек жартылай финалда бақ сынайды

Қазақстандық таеквондошы Ерасыл Қайырбек Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол алғашқы айналымда таиландтық спортшы Нутхави Кломпонгпен кездесіп, 26:10 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда Қайырбек малайзиялық спортшыны 12:1 есебімен жеңіп, жартылай финал жолдамасына иелік етті. 

Ол Оңтүстік Корея өкілі Дайхун Лимен финалға шығу үшін тартысады. 

Ал Олимпиада ойындарының қатысушысы Айнұр Есбергенова бір ұпай айырмасымен филиппиндік спортшыға жол берді. 

ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал