25.05.2018, 13:10 560 Таэквондошы Нұрлан Домбаев Азия чемпионы атанды

Атыраулық Нұрлан Домбаев Вьетнам елінің Хошимин қаласында өткен паратаэквондодан ашық Азия чемпионатында чемпион атанды.
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайxиевтің айтуынша, 75 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы алдымен жапониялық Тонака Митсуяны оңай ұтты. Финалда украиналық әлем және Еуропа чемпионы Антон Шветцті нокаудпен тізе бүктірді.
Айта кету керек, 2017 жылы Нұрлан әлем чемпионы атанған болатын. Онда да ақтық сында осы украиналық спортшыны ұпай санымен ұтқан.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал