28.05.2018, 14:33 898 Таэквондошылар Азия Чемпионатының алтыны мен қоласын еншіледі

Қазақстандық таэквондошылар Азия Чемпионатының алтыны мен қоласын жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Хошимин – Дүйсебай Смайыл 87кг дейінгі салмақта таэквондодан Азия Чемпионатының алтын медалін иеленді. Күміс медаль өзбек спортшысында, қоланы кореялық спортшы алды. Сонымен қатар,  Айтуар Шәйкенов 54 кг дейінгі салмақта қола медаль иеленсе, күмісті тайландтық спортшы алды, алтын медаль кореялық спортшыда.

Бүгін татамиге ерлер арасында салмақ дәрежесі 68кг және 87кг дейінгі спортшылар шығады, әйелдер арасында 62кг, 73кг.

Естеріңізге салайық, 24 мамырда Вьетнамның Хошимин қаласында Таеквондодан 23-Азия чемпионаты басталды. Қазақстан Ұлттық құрамасын 16 спортшы бастап барды (8 ер, 8 әйел).

 

Таеквондодан Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалар құрамы:

 

Ересек (ерлер):

  1. Шайкенов Аайтуар 54кг (Астана)
  2. Серикбаев Алимжан 63кг (Астана)
  3. Қайырбек Ерасыл 68кг (Алматы)
  4. Сарымсаков Кайрат 74кг (Актау)
  5. Қожахмет Нұрқанат 74кг (ЮКО)
  6. Адилханов Рахым 80кг (Алматы)
  7. Дүйсебай Смайыл 87кг (ЮКО)
  8. Жапаров Руслан +87кг (Тараз)

Ересек (әйелдер):

  1. Есбергенова Айнур 49кг (Кызылорда)
  2. Ералхан Балауса 49кг (ЮКО)
  3. Тулепбергенова Маржан 57кг (Астана)
  4. Бибалаева Гулим 62кг (Астана)
  5. Мансурова Бану 67кг (Алматы)
  6. Дениз Джансель 73кг (Атырау)
  7. Ерксимова Аксауле 73кг (Актобе)
  8. Жунусова Мереке +73кг (Актобе)

 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал