16.10.2018, 9:25 791 Тағы екі боксшымыз жартылай финалға жолдама алды

91 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда Айбек чилилік Андрес Сальгадоны жеңді. Біздің спортшының ендігі қарсыласы пуэрторикалық Элвин Каналес.

Бүгін тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты. Ширек финалда Талғат Шәйкеннің (64 келі) косоволық қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартқандықтан жеңіс біздің спортшыға берілді. Талғат ертең мароккалықпен кездеседі. 

Қазақстандық боксшы Жансая Әбдірайымова (48-51 келі) жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалында америкалық Дэстини Хивен Гарсияға төрешілер шешімімен 2:3 есебімен жол берді.


  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал