01.06.2018, 15:56 994 Талдықорғанда тұңғыш рет асық атудан облыстық сайыс өтті

Талдықорғанда тұңғыш рет асық атудан облыстық сайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Асық чемп» деп аталатын жасөспірімдер арасындағы бәсекеге 20-ға жуық бала қатысты. 

9 жастағы Мейіржан Болысбай ойын көрігін қыздырып, жиылған жұрттың назарын өзіне аударды. Көздеп атқан сақасы діттеген жерге дөп тиіп, сұрмергендігімен қоса, қолының ептілігін де көрсетті. Төрт жасынан бастап асық ойнап жүрген бала жарыста екінші орын алды. «Менің 356 асығым бар. Оны мыңға дейін жеткіземін. Оны менен кіші бауырларыма беремін», - дейді Мейіржан Болысбай. Жарыста талдықорғандық Арнұр Бақытовтың асығы алшысынан түсті. Оған жүлделі бірінші орын бұйырды. Ілелік Мейіржан Болысбай екі, көксулық Ақниет Асылбек үшінші орынға қол жеткізді.

 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал