04.04.2018, 10:00 1049 Тамила Муридова кадеттер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше Италияның Верона қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Тамила Муридова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, жерлесіміз Буэнос-Айрес қаласында өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Жерлесіміз жасөспірімдер арасындағы сайыста үшінші орын алды. Ал жеңіс гонконгтық Ян Кайлин Син Сиеге бұйырды. Ол финалда америкалық Эмиль Вермульден басым түсті.

- Жаcөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына ұзақ уақыт бойы дайындалдым. Себебі, бұл жастар арасындағы Олимпиада ойындары алдындағы ең басты турнирлердің бірі. Маған төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға жолдама алу маңызды болды. Бұл мақсатыма жеттім. Жалпы бұл медаль Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатының тұңғыш жүлдесі екен, - деді Тамила Муридова.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал