31.07.2018, 11:24 1078 Таңатаров Азия ойындарына қатысатын балуандардың тізіміне неге енбей қалғандығын түсіндірді

Еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жуырда өтетін Азия ойындарына қатысатын балуандардың тізіміне неге енбей қалғандығын түсіндірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Сөздің шыны керек, дайындығым қажетті деңгейде болмай шықты. Оған қоса, жұмыстан да біраз тірліктер шығып қалды. Осындай себептердің салдарынан жазғы Азия ойындарынан тыс қалып отырмын.

Жаттығудан көп қалғаннан кейін-ақ тізімге енбей қалатынымды іштей сезіп жүрдім. Джакартаға барған күннің өзінде бабымда болмайтын едім. Азиада сықылды алып додаға қатысу үшін емес, жеңемін деп бару қажет деп ойлаймын» , - деп сөзін қорытындылады Таңатаров.

Еске салсақ, мансабын аяқтаған Олимпиада чемпионы үлкен спортқа қайта оралып, Азия ойындарында жүлдегер атануға уәде берген еді.  

Айта кетейік, кеше еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев жазғы Азия ойындарына қатысатын балуандардың есімін жариялады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал