23.02.2018, 14:45 792 Танымал телекомментаор «Астананың» Еуропа лигасындағы нәтижесіне баға берді

Фото: fca.kz

Qazsport телеарнасының комментаторы Сергей Райлян «Астана» футбол клубының Еуропа лигасындағы жорығына баға берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Бұл «Астананың» еуромаусымдағы бастан өткерген ең керемет кезеңі екені сөзсіз. Тек «Астананың» емес, күллі қазақ футболының тарихындағы нәтижелі жыл деп те айта аламын. Иә, бастапқыда Чемпиондар лигасына өте алмағаны бар. Алайда, Чемпиондар лигасынан құр алақан қайтқанша, Еуропа лигасында жетістікке жеткен дұрыс деп ойлаймын. Осындай үлкен матчтардағы жеңіс футболшылардың рухын көтеріп, кәсіби ойыншы ретінде қалыптасуына септігін тигізеді. «Астананың» арқасында ел футболы да ақырындап аяққа тұрып келеді. Енді бізге мұрнын шүйіре қарайтындардың қатары азаяды», - деді телекомментатор біздің порталдың тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, кеше «Астана» Еуропа лигасындағы ойындарын аяқтады. Маусымның қорытындысы бойынша елорда клубы 8,18 миллион еуро пайда тапты.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал