27.03.2018, 12:43 768 Таразда «Astana Arlans» «China Dragons» клубымен кездеседі

Тараз қаласында бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) сегізінші маусымында бақ сынап жатқан «Астана арландары» жаңа маусымдағы кезекті кездесуін өткізеді. Бұл жолы арландар «China Dragons» командасымен жолығады.

Жеребе бойынша «Astana Arlans» Азия аймағындағы топта Қытай — «China Dragons», Үндістан — «Indian Tigers» және Ресей — «Patriot Boxing Team» құрамаларымен бір топқа түскен болатын.

Алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетіп, үшіншісінде жеңіліске ұшыраған отандастырымыз ендігі кездесуін Қытай боксшыларына қарсы өткізгелі отыр.

Жекпе-жектер 14 сәуір күні Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде, Астана уақыты сағат 17:00-де басталады.

Тағы бір айта кетерлігі, «Astana Arlans» және «China Dragons» кездесулерінен кейін кәсіби бокс «WSB» және MMA аралас жекпе-жектері өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал