27.08.2018, 18:00 751 Теміртас Жүсіпов тартысты жекпе-жекте жапондық боксшыны жеңді

Джакартадағы Азия ойындарында боксшылар бәсекесі жалғасуда. 49 келіде шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Теміртас бірінші кездесуінде жапон боксшысы Цубой Тамояны 3:2 есебімен жеңді. 

Келесі кезеңде ол филиппиндік Паалам Карломен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бүгін Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын көтеріп шыққан Әбілхан Аманқұл (75 келі) алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал