24.08.2018, 10:26 1616 Теннисшілер Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Жұптасып сынға түскен теннисшілер Анна Данилина мен Гозаль Айнитдинова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Данилина/Айнитдинова жұбы Тайпей спортшыларынан 0:2 есебімен ұтылды. 

Осылайша, теннисшілер Азия ойындарындағы алғашқы медалін жеңіп алды. 

Бүгін Бублик/Евсеев жұбы Азиаданың алтынына таласатын болады. Біздің спортшылардың финалдағы қарсыласы - Үндістан командасы.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал