19.07.2018, 15:09 646 Теннистен ҚР Президенті Кубогінің жүлде қоры 205 мың долларды құрайды

Астанада теннистен Президент Кубогі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Үш күнде 30-ға жуық елден келген 100-ден аса спортшы өзара кездесіп үлгерді.

Енді кортқа тек келесі кезеңге өткендері ғана шығады. Жерлестеріміз арасынан ең үздік көрсеткіш Тимур Хабибуллинде. Ол жұптық сында ширек финалға жетті. Ал жекелей сында Александр Недовесов пен Анна Данилина бүгін кезекті қарсыластарымен жолығады. Ал қалған қазақстандық теннисшілер жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Халықаралық жарыс алдағы жексенбіге дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 205 мың АҚШ долларын құрайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал