28.06.2018, 10:43 676 Теннистен жеткіншектер арасында Қазақстан Кубогы басталды

Шымкентте 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Кубогы додасы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстанның 13 өңірінен 12 команда қатысуда. Атап айтар болсақ, Ақтөбе облысы, Алматы қаласынан 2 команда, Атырау облысы, ШҚО, БҚО, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Павлодар облысы, Астана қаласынан 2 және Шымкент қаласынан бір команда жиналды. 

Команда құрамына 4 ұл, 4 қыз және 2 бапкер енген.

Турнирдің ашылу салтанатына облыстағы спорт саласының басшылары мен федерация өкілдері қатысты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал