12.11.2018, 12:00 4584 Тимур Досымбетовке «UIPM құрметті мүшесі» атағы берілді

Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясының атқарушы комитеті UIPM 70 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақстандық Тимур Досымбетовті құрмет залына енгізді.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Лимасольда (Кипр) UIPM-нің 70 жылдығына арналған Конгресс өтті. Аталған жиынға Қазақстан қазіргі бессайыс федерациясының президенті Берік Имашев қатысты.

Екі күнге созылған Конгресс барысында қазіргі бессайыстан өтетін жарыс жоспары анықталды. Сондай-ақ, жыл қорытындыланып, үздік бапкерлер мен спортшылар есімі аталды.

Тимур Досымбетовтің UIPM құрмет залына енгізілуі Қазақстан үшін айтулы оқиға болды. Даңқты спортшы елімізде қазіргі бессайысты дамытуға үлкен үлес қосқан болатын.

Досымбетов 1982 жылы Римде өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген. Ол бірнеше жыл бойы КСРО құрамасының белді спортшысы болды.

ҚР ҰОК-нің алғашқы президенті КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері атағының иегері. Одан бөлек, халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы Атқарушы комитеті мен Азия Олимпиада кеңесі техникалық комитетінің мүшесі, Қазақстан қазіргі бессайыс федерациясының вице-президенті қызметін атқарды.

Тимур Досымбетов 2015 жылы қайтыс болды. Оған өмірден озған соң «UIPM құрметті мүшесі» атағы берілді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал