02.08.2018, 9:05 5960 «Тобылдың» бас бапкері клубтан кететінін айтты

Қостанайлық «Тобыл» футбол командасының бас бапкері клубтан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Владимир Никитенко «Тобылдың» Еуропа Лигасындағы жорығы аяқталған соң клуб басшылығынан қызметінен босатуды өтінген.

«Бас бапкер «Пюникпен» болған ойыннан соң қызметінен босатуды сұрады. Клуб басшылығы мен бас бапкердің арасындағы еңбек шартын тоқтату туралы шешім әлі шыққан жоқ», - деді «Тобыл» футбол клубының медиа-офицері Константин Должанский агенттік тілшісіне.

Еске салсақ, кеше Ереван қаласында футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың «Тобылы» жергілікті «Пюник» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал