03.08.2018, 11:31 6015 «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

Қостанайдың «Тобылын» жаттықтырып келген Владимир Никитенко қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Владимир Никитенко «Тобылдың» Еуропа Лигасындағы жорығы аяқталған соң клуб басшылығынан қызметінен босатуды өтінгенін хабарлаған болатынбыз.

Бүгін клуб басшылығы бас бапкердің өтінішін қабылдап, жұмысынан босату туралы шешім шығарды. Сонымен қатар команданың бапкерлік қосынындағы Юрий Коньков пен Александр Горошинский де қызметінен кетті.

Енді «Тобылдың» бас бапкері міндетін Андрей Геннадьевич Мирошниченко атқарады. Ол бұған дейін «Ақтөбеде» селекционер-бапкер қызметінде болған. 2014 жылы команданың спорт директоры болып тағайындалды. Ал соңғы екі жылда «Тобылдың» құрамына кірді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал