07.11.2018, 8:13 4672 «Тобылдың» бас бапкері Марек Зуб жұмысынан кеткен жоқ

«Тобыл» футбол клубы БАҚ-да тараған бас бапкерге қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Тобыл» ФК бас бапкері Марек Зуб клубтан кеткен жоқ. Бұл туралы агенттік тілшісіне команданың медиа-офицері Константин Должанский мәлім етті.

«Кейбір БАҚ маусым аяқталмай жатып, Марек Зубты қызметінен кетіріп үлгеріпті. «Тобыл» клубы бұл ақпаратты растамайды. Ол әлі де футболшыларды жаттықтырып жүр. Поляк маманы Қазақстан чемпионатының 33-турында «Қызылжарға» қарсы өтетін матчқа дайындалуда», - деді К.Должанский.

Айта кетейік, Марек Зуб «Тобылға» Владимир Никитенконың орнына келді. Командасымен Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін ұтып алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал