29.03.2018, 16:02 949 Тоғызқұмалақшылар өзара мықтыны анықтады

Тоғызқұмалақ шеберлері Астанаға жиналды. Елордада жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды "SPORTINFORM" САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Биылғы жарыстың ерекшелігі - ұлттық зияткерлік ойынға алғаш рет рапид түрі қосылды. Сонымен қатар, Қазақстан біріншілігінде жеңіске жеткен спортшылар шілде айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына барады.

Бүгін блиц пен рапидте тоғызқұмалақтың мықтылары анықталды. 21 жасқа дейінгілер арасында батысқазақстандық Жарасқан Сағымбаев пен Павлодар облысынан келген Анастасия Фоус ел чемпионы атанды. 19 жастағы спортшылар бәсекесінде ақтөбелік Гүлжанат Алдабергенова және қызылордалық Дамир Ахметов жеңіске жетіп, құрлық біріншілігіне жолдама ұтып алды. Классикалық сайыстың жеңімпаздары апта соңында белгілі болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал