09.08.2018, 12:39 558 Токио-2020 Олимпиадасында алғаш рет адамның бет-жүзін тану жүйесі қолданылады

Токио-2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиада және Паралимпиада ойындарында спортшылар мен лауазымды тұлғалардың, БАҚ өкілдері мен өзге де қызметкерлердің бет-жүзін тану жүйесін қолданады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұндай технологиялар Олимпиада және Паралимпиада ойындарында бірінші рет қолданылуда, бұл Токионың тарихта инновациялық ойындарды өткізген алғашқы ел болуға тырысқанын байқатады. 

Токио-2020 алтын серіктесі саналатын NEC корпорациясы бет-әлпеті тану жүйесін ұсынады. Аккредитациядан өткен әрбір адамның фотолары алдын ала жиналып, базада сақталады. Олар аккредитация нүктелерінде жеке тұлғаны тану үшін қажет болмақ.

Мұндай жүйе Ойындардың қауіпсіздігін одан әрі арттыра түспек. Өзгенің аккредитациясын қолданып, спорт нысандарына кіруге мүлде болмайды. Тексеру автоматты түрде жүргізіледі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал