03.10.2018, 11:48 977 Том Леффлер GGG-дің мансабының аяқталуына қатысты пікір білдірді

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы экс-әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық спортшы әзірге бокстан кетпейтіндігіне сендірді.

«Геннадий егер одан ләззат алмаса, бокста еріксіз қалатын боксшылардың қатарынан емес. Бірақ рингте болғанды көргенімізден кейін оның жасына қатысты сұрақ талқылауға жатпайды да. Оның мансабында шектеулі мерзімдер белгіленбеген. Төрешілердің шешімі мен көзіміздің көргені әрдайым сәйкес келе бермейді. Меніңше, ол «Канелоны» екі мәрте жеңді. Әзірге Геннадийге жұдырықтасқан ұнайды. Ол алда жаңа сындар күтіп тұрғанын сезеді», - деді Леффлер.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал