01.10.2018, 12:11 974 Томас Бах Аргентинадағы Олимпиада алауының эстафетасына қатысты

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах пен Буэнос-Айрестегі Жасөспірімдер Олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің президенті Херардо Вертейн Аргентинадағы Олимпиада алауының эстафетасына қатысты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар Олимпиада алауын Ушуая қаласының көшелерімен алып өтті. Эстафетаның финалдық бөлімі Олимпиаданың ашылу салтанатында мәресіне жетеді. Олимпиаданың ашылу салтанаты тұңғыш рет стадионның сырт аумағында өтіп, барлық көрермендер үшін тегін болмақ.

«Бұл атап өтуге тұрарлық ерекше сәт. Буэнос-Айрестегі Жасөспірімдер Олимпиадасының арқасында Олимпиада рухы алғаш рет Аргентинаға да жетті», - деді эстафетадан кейін сөз алған Томас Бах. 

Айта кетелік, Аргентинада Олимпиада алауы эстафетасы 5 тамыз күні басталды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал