05.07.2018, 12:00 768 ТОП-20 боксшының қатарына енуге бір табан қалды. Әли Ахмедов WBC рейтингінде жоғарылады

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Ай сайын жаңғырып отыратын рейтингте қазақстандық боксшылардың жағдайы мәз емес. Тізімде біраз өзгерістер орын алған.

Бірінші ауыр салмақтағы боксшы Иса Ақбердиев 34-ші орынға түссе, екінші жартылай жеңіл салмақтағы Бекман Сойлыбаев бір позиция жоғалтып, 27-ші орынға жылжыды. Тек Әли Ахмедов қана бір орын көтеріліп, рейтингте 21-ші болды.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал