11.03.2018, 10:00 766 Трамплиннен секіруден Қазақстан Әлем кубогында 10-шы орын алды

Норвегияның Осло қаласында үлкен трамплиннен секіруден командалық сайыс аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Константин Соколенко, Алексей Королев, Сабыржан Момынов пен Марат Жапаров бастаған команда 215.4 ұпай жинап, жарысты 10-шы орында аяқтады.

Жеңіс Норвегия командасына бұйырды – 1.098.7. Екінші орынды Польша ұжымы иеленсе (1.039.8), Аустрия құрамасы үштікті түйіндеді – 1.010.2.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал