08.09.2018, 16:32 1045 Триатлоннан Қазақстан кубогінің ІІІ кезеңі аяқталды

Бүгін Қарағандыда триатлоннан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа Астана, Шымкент, Алматы және Алматы облысынан жалпы есебі 13 спортшы қатысты. Қарағандыдағы күн райының суықтығына байланысты бас төреші жүзу кезеңін екі есеге қысқартып тастады. Осылайша, атлеттер 1,5 шақырымның орнына 750 метрге жүзді.

Кубок кезеңінің қорытындысы бойынша, үш кезеңді 2 сағат 00 минут 56 секундта аяқтаған Семен Пивоваров чемпион атанды. Екінші орынды көшбасшыдан 1 минут 5 секундқа кешіккен Сабыржан Қосақ иеленді. Үздік үштікті Әнуар Тұрыбаев қорытындылады (2 сағат 04 минут 30 секунд).

Қыздар арасында Ғазиза Құмақбаева мәреге бірінші болып келді. Оның нәтижесі – 02 сағат 24 минут 35 секунд.  Екінші орында Дарья Бычкова, үшінші орында Әйгерім Нұрғали.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал