13.08.2018, 12:29 958 Ту ұстаушы спортшы Азия ойындарынан не күтетінін айтты

Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының туын ұстайтын боксшы Әбілхан Аманқұл (75 кг) дүбірлі додадан не күтетіні туралы айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Көңіл күйіміз тамаша, қазір біз Азия ойындарына қызу дайындық үстіндеміз. Азиадада осал қарсылас болмайды. Ал кім мықты екенін сол жерде анықтаймыз. Жанкүйерлерге рахмет, сіздерді қуанта аламыз деп ойлаймын», - деді Аманқұл.

Қазір Әбілхан Аманқұл Астанада ұлттық құрама команданың басқа мүшелерімен бірге Азия ойындары алдындағы соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр.

Жазғы Азия ойындары Индонезияда 18 тамыздан 2 қыркүйекке дейінгі аралықта өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал