10.07.2018, 5:18 613 «Тур де Франс» кезеңі: «Астана» велошабандоздары үздік үштікке ене алмады

«Тур де Франс» көпкүндік веложарысының үшінші кезеңінде әртүрлі стартпен басталған командалық бәсеке өтті.

Бірінші болып мәреге ВМС командасы, екінші болып «Sky» велошабандоздары жетті. Үздік үштікті «Quick-Step Floors» түйіндеді.

Аталмыш кезеңді «Астананың» спортшылары сегізінші орында аяқтады.

«Тур де Франс». Үшінші кезең Шоле - Шоле. 35.5 шақырым

1. ВМС - 38:46

2. «Sky» - +0:04

3. «Quick-Step Floors» - +0:07

8. «Астана» - +0:52

Жалпы есеп:

1. Грег Ван Авермат (Бельгия, ВМС) - 9:08:55

2. Тиджей Ван Гардерен (АҚШ, ВМС)

3. Герайнт Томас (Ұлыбритания, «Sky») - +0:03

13. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») - +0:51

24. Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана») - +1:06

36. Магнус Корт (Дания, «Астана») - +1:33

42. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - +1:42

97. Омар Фраиле (Испания, «Астана») - +3:58

125. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») - +5:34

164. Йеспер Хансен (Дания, «Астана») - +10:16

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал