15.05.2018, 12:13 1255 Түркия президентінің кесірінен Өзіл мен Гүндоған құрамадан кетуі мүмкін

Германия футбол одағы (DFB) Месут Өзіл мен Илькай Гүндоғанның Түркия елінің президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.  

«Германия футбол одағы ұлты басқа елдік ойыншыларына құрметпен қарайды. Алайда,  DFB ұстанған қағидалар Эрдоғанның көзқарасымен сай келмейді. Сол себептен де біздің ұлттық құраманың футболшылары әр қадамдарын аңдап басқаны дұрыс болады. Спортшыларымыз оның сайлауалды компаниясының құрбаны болғанын қаламаймыз» , -деді DFB президенті  Райнхард Гриндель.

«Месут пен Илькайдың Германия ұлттық құрамасында өнер көрсеткісі келетіндіктеріне күмән келтірмеймін. Оларға қарсы ештеңе де дей алмаймын. Десе де, олар бұл кездесудің астарында не жатқанын түсінбесе керек. Біз бұл мәселе бойынша ойыншылармен сөйлесетін боламыз», - деп сөзін қысқа қайырды Германия құрамасының бас менеджері Оливер Бирхофф.  

Еске сала кетейік, Түркия президенті Ұлыбританияға келген іс-сапарында Германия құрамасының ойыншылары Месут Өзіл мен Илькай Гүндоғанмен кездесті, сондай-ақ отырыста Түркия құрамасының шабуылшысы Дженк Тосун да болды.

Осы жаңалықтан кейін Германияның желі қолданушылары аталған ойыншыларды құрамадан құрту керек деген пікірлерді жаудырды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал