16.08.2018, 17:19 1072 Түркияның клубы ешкі алу үшін 18 футболшысын сатты

Түркия чемпионатының төменгі дивизонында бақ сынайтын «Гүлспор» футбол клубы өзінің 18 ойыншысын сатып, одан түскен қаражатты 10 ешкіге жұмсады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Ойыншылардан клубқа 15 мың лира (шамамен 2,2 мың еуродай) табыс түскен. Қолға түскен қаражатқа «Гүлспор» клубы 10 ешкі сатып алып, малдың сүтінен табыс көруді жөн деп тапқан. Басшылықтың айтуынша, бұл қаржы клубтың шығындарына жұмсалады.

«Бізде енді шығын аз болады. Біз бұл шешімге команданың мүддесін ойлай отыра келдік», - деді аталған клубтың президенті Кенан Буюклеблеби.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал