21.02.2018, 13:04 789 Тұрсынбаева еркін бағдарламада бақ сынайды

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан  Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада өнер көрсетуге жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жерлесіміз қысқа бағдарламада жасындай жарқылдап, 57.95 ұпаймен 15-ші орынға тұрақтады. Спортшының өзі атап өткендей, ол жарыс барысында орындауға тиісті бір элементті жасай алмады. Сол себепті де ұпайы төмендеп қалды. Десе де, бұл нәтиже Тұрсынбаеваға келесі кезеңде өнер көрсетуіне жеткілікті екенін айтқымыз келеді. 

Енді екі күннен кейін Элизабет мұз айдынына қайта оралып, медаль үшін таласқа түсетін болады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал