12.11.2018, 16:58 1023 Тұрсынбаева Ресейдегі халықаралық турнирге қатысады

Мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева 16-18 қараша күндері Ресейде өтетін «Ростелеком» кубогіне қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Гран-при санатындағы турнирге әлемнің үздік спортшылары қатыспақ. 

Атап айтар болсақ, Алина Загитова, Вакаба Хигучи, Грейси Голд, Юра Мацуда сынды мәнерлеп сырғанаушылар Элизабетке басты қарсылас атанады. 

Жаңа маусымды жаңа бапкермен бастаған Тұрсынбаева Skate Canada турнирінде үздік алтылыққа енген болатын. 

Біздің спортшы бұл күндері Ресейде, танымал бапкер Этери Тутберидзенің қол астында жаттығуда. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал