28.07.2018, 12:50 516 Твумаси Ла Лигадағы қымбат ойыншылардың бірі болды

«Астананың» бұрынғы шабуылшысы Патрик Твумасидің «Алавеске» өтуі испан клубы үшін рекордтық көрсеткіштегі шығын болды.
«Алавес» Твумаси үшін 3 миллион еуро төледі. Бұл бағалау бойынша ганалық форвард «Реалдан» ауысқан жартылай қорғаушы Бурги мен «Милан» қорғаушысы Родриго Элимен үшінші орынды бөлісуде.
2016 жылдың жазында «Алавес» 3,18 миллион еуроға «Индепендьент» хавбекі Даниэля Торреспен келісім жасаған еді. Ең қымбат сатып алу осы жылы болды - «Сельтаның» форварды Йона Гвидетти үшін 4 миллион еуро төленді. Твумаси Қазақстан Премьер-Лигасының тарихындағы ең қымбат трансфер болғанын атап өткен жөн. Бұдан бұрын бұл көрсеткіш «Астана» шабуылшысы Жуниору Кабанангаға (2 миллион еуро, «Аль-Наср») тиесілі болған еді.
Еске сала кетсек, «Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Патрик Твумаси жаңа маусымда Испания чемпионатында өнер көрсететіндігі туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал