25.03.2018, 20:31 937 Тюменьдегі масс-старт сайысын Вишневская 25-ші боп аяқтады

Ресейдің Тюмень қаласында биатлоннан Әлем кубогының соңғы кезеңінде әйелдер арасындағы масс-старт сайысы аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Аталмыш жарыста беларусьтік Дарья Домрачева жеңіске жетті. Екінші орында словакиялық Паулина Фиалкова. Үздік үштікті франциялық Анаис Шевалье қорытындылады.

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская жарысты 25-ші орында аяқтады.

Биатлоннан Әлем кубогының IX кезеңі, Тюмень, Ресей

Әйелдер, масс-старт, 12.5 шақырым

1. Дарья Домрачева (Беларусь) – 35:27.4

2. Паулина Фиалкова (Словакия) - +1.8

3. Анаис Шевалье (Франция) - +6.6

… 25. Галина Вишневская (Қазақстан) - +1:42.1

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал