23.03.2018, 16:41 939 Тюменьдегі спринт сайысында Вишневская 26-шы келді

Беларусьтік биатлоншы Дарья Домрачева Тюменьдегі Әлем кубогының соңғы кезеңінде спринт сайысын жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Екінші орынды финляндиялық Кайса Мякяряйнен иеленсе, үздік үштікті норвегиялық Тириль Экхофф қорытындылады. 

Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Галина Вишневская көрсетті - 26-шы орын. Дарья Климина жарысты 35-ші, ал Алина Райкова 45-ші орында аяқтады. Елизавета Бельченко 63-ші орында жайғасты.

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі, Тюмень, Ресей

Әйелдер, спринт, 7.5 шақырым

1.Дарья Домрачева (Беларусь) – 21:42.8

2.Кайса Мякяряйнен (Финляндия) - +1.2

3.Тириль Экхофф (Норвегия) - +33.3

…26. Галина Вишневская (Қазақстан) - +1:35.9

35. Дарья Климина (Қазақстан) - +1:54.0

45. Алина Райкова (Қазақстан) - +2:11.3

63. Елизавета Бельченко (Қазақстан) - +3:09.2

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал